
Ұлы Жеңістің 79-шы жылдығын мерекелеу қарсаңында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының жетекшілігімен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің тарихи ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Комитет басшылығы, орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің қызметкерлері қатысты.
Құрбан болған соғыс батырларына құрмет көрсете отырып, Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай батылдық пен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі болып табылатын аталарымыздың баға жетпес ерлігін атап өтті.
Соңында прокурорлар батырларға деген құрметін білдіріп, бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті