Комитет экологиялық акцияға қатысты

Комитет экологиялық акцияға қатысты

«Отан қорғаушылар күні» мемлекеттік мереке қарсаңында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Мемлекет басшысының бастамасы негізінде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» атты кең ауқымды экологиялық іс-шараға қатысты. 

Комитет Төрағасының жетекшілігімен орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің қызметкерлері елордадағы Ботаникалық бақты көркейту аясында ағаш көшеттерін отырғызды.

Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, оның ішінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу мақсатында осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Осыған ұқсас іс-шаралар өңірлік деңгейде де Комитеттің аумақтық органдарымен өткізілді.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитеті