А.ж. 30 сәуірде Ақмола облысы прокуратурасының алаңында ішкі істер органдарының қызметіне енгізілген цифрлық шешімдердің тиімділігіне талдау жүргізу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбай, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, облыс прокуратурасы мен полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды, оның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алуын қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық технологияларды енгізу және пайдалану арқылы құқық қорғау қызметін жетілдіру жұмысы жалғасуда.
Отырыс барысында Комитет төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев қатысушылардың назарына «Талдау орталығы» ақпараттық жүйесінің жаңа функционалы – «Күшейтілген профилактика шараларын талап ететін тұлғалар тізілімі» таныстырылды.
Функционал біртекті әкімшілік құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын адамдарды анықтауға, алдын ала есепке алынатын тұлғалардың жай-күйін талдауға, сондай-ақ құқық бұзушылармен профилактикалық жұмыстарды тиімдірек жүргізуге мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде Комитет ұсынатын құралды пайдалану мәселесін пысықтау бойынша ұсыныстар берілді.
Көрсетілім соңында қатысушылар осы бағыттағы құқық қолдану тәжірибесін және құқық қорғау органдарының қызметін одан әрі цифрландыру сұрақтарын талқылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті