
А.ж. 22 қаңтарда Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде ақпараттық жүйелерді таныстыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының көшпелі отырысы өтті.
Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, Парламент Мәжілісінің Қылмыстық, Қылмыстық процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.
Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай қазіргі заманауи инновациялық технологиялардың құқық қорғау органдарының жұмысында маңызды құралға айналғанын және ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде құқық қорғау органдарының қылмыстық процестегі қызметін жетілдіру жұмысы жалғасуда.
Қазіргі уақытта елдегі қылмыстық процесс толығымен цифрлық форматқа көшірілді. Арызды тіркеуден бастап жазаны орындауға дейінгі қылмыстық процестің барлық кезеңдерін қамти отырып, қылмыстық істерді тергеп-тексеру және сотта қарау Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) электрондық форматта қамтамасыз етіледі.
Қатысушыларға мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдары электрондық қылмыстық істің модульдері мен ақпараттық жүйелерінде қалай жұмыс істейтіні көрсетілді.
Атап айтқанда, Парламент депутаттары СДТБТ жүйесінде қылмыстық процесті, сондай-ақ қылмыстық процестің үш буынды моделін жүргізу тәртібімен танысты.
Электрондық қылмыстық істі енгізу процесі құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттырды, сот ісін жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтты, тергеу мерзімдерін қысқартуға және қадағалау сапасын арттыруға мүмкіндік берді.
Өз кезегінде, үш буынды модель азаматтарды қылмыстық процестің шеңберіне негізсіз тарту фактілерін жояды, оның басты міндеті азаматтардың, оның ішінде күдіктілер мен жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды арттыру болып табылады.
Отырыс қорытындысы бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарымен осы бағыттағы оң жұмыстары атап өтілді.
Көрсетілім соңында қатысушылар қылмыстық заңнаманың құқық қолдану тәжірибесін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін цифрландыруды жан-жақты талқылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті