2024 жылғы 19 қантарында НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14900885) «Бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актілерді тіркеудің, оларды тіркеуден бас тартудың және күшін жоюдың, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тоқтата тұру, қайта бастау, мерзімдерін ұзарту туралы хабарламалардың, қатысушылар құрамын өзгертудің және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру және олардың нәтижелері туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушысының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №162 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жобадамен «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 34-бабының 3-тармағына сәйкес Қағидалардың кіріспесі келтіріліп, бақылау және қадағалау субъектісін (объектісін) тексеруді және (немесе) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы актілерді тіркеудің күшін жою тәртібі, профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт, профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеудің күшін жою туралы қаулының нысаны әзірленген, қолданыстағы заңнамадағы олқылықтарды болдырмау және бақылау нысандарын есепке алу рәсімі реттелді.
«Прокуратура туралы» ҚР Конституциялық заңымен қатар прокуратура органдары үшін тексерулер жүргізу тәртібі «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңымен айқындалатын болады.
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабы 1-тармағының 6) тармақшасының, 26-бабының 2 және 3-тармақтарының тәртібімен және оларды тағайындау тәртібімен тексеру жүргізу туралы талап» қосымшасымен толықтырылады.
Прокурордың уәкілетті органдардан тексерулер жүргізуді талап ету құқығы «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Бас Прокурордың 2023 жылғы 17 қаңтардығы № 32 бұйрығымен бекітілген Нұсқаулықтың 19-тармағында көзделген.
Жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi