Бүгін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2023 жылғы жұмыс қорытылары бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Алқа жұмысына Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген департаменттерінің басшылары мен орталық аппараттың жеке құрамы қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Тимур Тәшімбаев прокуратура органдарының жүйесінде Комитетке ерекше орын алатынын атап өтті. Ведомствоның маңызды міндеттері ол мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы тиімді және жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту болып табылады.
Сондай-ақ, Комитеттің ақпараттық-талдамалық әлеуеті және инновациялық жобаларды кеңінен енгізу заңдылықты нығайтуға, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға ықпал ететінін де атап өтті.
Алқа отырысында Комитет төрағасы Сәбит Нұрлыбай және оның орынбасарлары өткен жылғы жұмыс нәтижелері туралы баяндап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.
Отырыс барысында Сәбит Нұрлыбай өткен жылы Комитеттің негізгі күш-жігері Мемлекет басшысы мен Бас Прокурор белгілеген басым міндеттерді, олардың тапсырмаларын орындауға бағытталғанын атап өтті.
Қадағалау өкілеттіктерімен мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз етілді.
Еліміздің жоғары басшылығы, Парламент, Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі және Үкімет маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдау үшін елдегі қылмыстың жай-күйі, азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың жолданымдармен жұмысы туралы нақты болжамды-талдамалық ақпаратпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының құқық қорғау және өзге де органдардың күнделікті қызметіне озық цифрлық технологияларды енгізу және жетілдіру туралы тапсырмасы орындалуда.
Комитет іске асырған цифрлық жобалар құқық қорғау, сондай-ақ, барлық орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін қамтамасыз етеді.
Электрондық қылмыстық істің СДТБТ ақпараттық жүйесі қылмыстық процестің арызды тіркеуден бастап жазаны орындауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын істерді толығымен электрондық форматта тергеуге және сотта қарауға мүмкіндік береді. СДТБТ жүйесін дамыту аясында құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық сұраулар мен тергеу тапсырмаларын жолдау және бірыңғай есепке алу тетігі іске асырылды.
Әкімшілік іс жүргізу ӘІБТ ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізіледі және электрондық әкімшілік хаттамалар мен ұйғарымдардың үлесі 95%-ды құрайды. Жабдықталуына қарай барлық мемлекеттік органдар ӘІБТ-да әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады. Өткен жылдан бастап прокуратура органдары бойынша ӘІБТ жүйесі іске қосылды.
Сонымен қатар, электрондық әкімшілік іс жүргізудің көмегімен азаматтар мен заңды тұлғалар айыппұлдарды онлайн төлеу мүмкіндігімен қамтамасыз етілді, процеске қатысушылар үшін іс жүргізу уақыты қысқарды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ЖКО туралы материалдарды сақтандыру компанияларына онлайн жолдау жүзеге асырылды. Бұл процесті цифрландыру ЖКО қатысушыларының полиция органдарына баруды қажет етпейді, барлық деректер азамат жүгінетін сақтандыру компаниясына автоматты түрде беріледі. Танымал қызметтердің бірі - Комитеттің ақпараттық порталы, онда азаматтар айыппұлдарын тексере алады.
Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің тапсырмасы бойынша жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, қызметін атқаруда.
ТСОБТ жүйесі арқылы бизнес субъектілеріне қатысты тексерулерді тағайындау механизмі автоматтандырылды. Жүйе «адами факторсыз» адал емес кәсіпкерлерді іріктеу арқылы тексерулерді электрондық форматта жоспарлауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, кәсіпкер өзіне қатысты тағайындалған тексерулер туралы алдын ала біледі, онымен келіспеген жағдайда оларға «Qamqor» мобильді қосымшасы арқылы шағымдана алады.
Осылайша, қазіргі уақытта ТСОБТ бизнесті мемлекеттік органдардың негізсіз қысымнан қорғау бойынша прокурорлық сүзгінің негізгі құралдарының бірі болып табылады.
Мемлекет басшысының «Таза парақтан реттеуді» енгізу бойынша тапсырмасына сәйкес уәкілетті органдармен бірлесіп бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру және автоматтандыру жөніндегі тапсырмалары орындалуда.
Бас прокуратураның бейінді құрылымдық бөлшесімен бірлесіп, ТСОБТ жүйесінде электронды тексеру жүргізу туралы талап үлгісін автоматты түрде қалыптастыру функционалына пилоттық жоба жүргізілді.
Сонымен қатар, осындай техникалық шешім бизнес-қауымдастықтарды ТСОБТ жүйесінде тіркеу сатысында да қорғау кезінде прокурорлық сүзгі ретінде қызмет етеді.
Архивтік материалдарды Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне бере отырып, саяси қуғын-сүргін туралы мұрағаттық материалдарды құпиясыздандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Барлығы 400 мыңнан астам архивтік істер мен 133 мың карточка құпиясыздандырылып, мұрағатқа берілді.
Алқа отырысы барысында Комитеттің аумақтық департаменттерінің барлық бағыттары бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
Қорытындылай келе, Тимур Тәшімбаев алдағы кезеңге арналған бірқатар басым міндеттерді белгілеп, қадағалау жұмысының негізгі бағыттарын айқындады.
Алдағы кезеңде Комитет прокурорларының назары ең алдымен мемлекеттік құқықтық статистиканың дұрыстығын қамтамасыз етуге, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, прокурорлық қадағалау шараларын күшейтуге және елдің жоғары басшылығының тапсырмаларын сапалы орындауға, оның ішінде процестерді одан әрі цифрландыруға бағытталатын болады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті