Құқық қорғау қызметін цифрландыруымен таныстыру

Құқық қорғау қызметін цифрландыруымен таныстыру

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері Астана IT университетінің студенттеріне құқық қорғау қызметін цифрландыруға қатысты дәріс оқыды.

Дәріс құқық қорғау қызметін атап айтқанда прокуратура органдарындағы  цифрландырудың негізгі тақырыптарын, оның ішінде тергеуді оңтайландыру, қызметтер арасындағы байланысты жақсарту және жедел қызметтің тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды пайдалануды қамтыды. Қызметкерлер Комитетте құрылған ақпараттық жүйелер және олардың мүмкіндіктері туралы айтып, студенттермен цифрлық шешімдерді нақты өмірге енгізудің нақты мысалдарымен бөлісті.

Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, бұл оларға құқық қорғау органдарының алдында тұрған заманауи міндеттерді және оларды шешуде технологияларды қолданудың маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.

Бұл дәрістер студенттердің құқық қорғау қызметін цифрландыру саласындағы білімдерін кеңейтуге ғана емес, оларды жаңа технологияларды зерттеуге және оларды болашақ кәсіби қызметте қолдануға шабыттандыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті