Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 1 желтоқсанда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14823554) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба)  орналастырылды.

Осы жоба:

 Комитеттің интернет-ресурсында жеке тұлғаларға сотпен әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі ден таныған адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін беру процесі регламенттелген;

бұйрықтың кіріспесі «Құқықтық актілер туралы» Заңның 34-бабының 3-тармағына сәйкес келтірілген;

Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдары «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес жазылған;

қызметтердің атауы «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген Бас прокуратура құрылымымен сәйкес келтірілген;

жекеленген құқықтық актілердің атауы өзектендірілді.

Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.