
А.ж. 10 айдың қорытындысы бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында 48 мыңнан астам тексеру тіркелді, олардың әрбір екіншісі кәсіпкерлерге қатысты болды.
Тексерулердің көп бөлігі:
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы;
өртке қарсы қауіпсіздігі;
еңбек қатынастары;
салық салу саласында жүргізілді.
Прокурорлар бұзушылықтардың болуына байланысты бизнеске қатысты 269 тексеруді тіркеуге жол берген жоқ.
Көбінесе:
жер ресурстарын басқару - 35;
төтенше жағдайлар бойынша - 29;
санитарлық-эпидемиологиялық бақылау - 29;
мемлекеттік кіріс - 17 органдарымен тағайындалған тексерулерді тіркеуден бас тартылды.
Жалпы, прокурорлар мемлекеттік органдармен негізсіз тағайындаған 916 тексерудің, оның ішінде бизнес субъектілеріне қатысты 627 тексерудің жолын кесті.
Мемлекеттік органдардың 575 лауазымды тұлғасы тексерулерді тіркеу және есепке алу саласында жол берілген бұзушылықтар үшін әртүрлі жауапкершілікке тартылды.
Тексерулерді есепке алу мен тіркеудің барлық процесі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйесінде цифрландырылған, ол тіркеу сатысында бизнесті заңсыз тексерулерден қорғауды, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.
Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша, оның ішінде тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз әрекеттер туралы өтініштермен Бас прокуратураның бірыңғай байланыс орталығына (телефон-115), сондай-ақ аумақтық прокуратуралардың сенім телефондарына, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетке жүгінуге болады.
Сонымен бірге, кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті бағанға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын көре алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректер шығады. Егер ақпарат болмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген және ол заңсыз болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті