
2023 жылғы 2 қарашада НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14778412
) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы орналастырылды.
Осы жоба:
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 11-бабының 2-тармағын (Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдары жоғарыда аталған бапқа сәйкес жазылған);
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын (Қағидалардың 12, 13-қосымшалары тиісті көрсеткіштермен толықтырылады);
Қылмыстық-процестік кодексінің 105-бабының талаптары шеңберінде қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы шағымдарды есепке алу процесін автоматтандыру
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.