Жолдағы апаттық жағдайлар туралы

Жолдағы апаттық жағдайлар туралы

Көп жағдайда жол қозғалысы қауіпсіздігі қатысушылардың өздеріне байланысты болады, олар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдау қажет.

Статистика көрсеткендей, ағымдағы жылдың 9 айында елімізде 9,8 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның салдарынан 14 мың адам зардап шекті.

1,6 мың адам қаза тапты, оның ішінде: 210-ны кәмелетке толмаған балалар, 488-і әйелдер, 1192-і ер адамдар. Сондай-ақ 660-сы жолаушылар, 485-і жаяу жүргіншілер, 447-і жүргізушілер.

Аймақ бойынша ең көп жол апаты:

Алматы қ.- 2556, Алматы - 961, Жамбыл - 695, Түркістан – 616 облыстарында, Астана қ. – 570 тіркелген.

Апаттың негізгі себептері адами факторға байланысты, олар:

Жылдамдықты асыру - 2 381, жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу-1 473, жол белгілерін сақтамау (жылдамдықты шектеу белгілерін есепке алмағанда) - 380, - өзге де жол қозғалысы ережелерін сақтамау - 5 635.

 ЖКО-ның 88% - дан астамы жүргізушілердің (8 703) кінәсінен орын алады, оның 305-і алкогольдік және есірткілік масаң күйінде болған. 

Жол апатынан зардап шеккендердің арасындағы басым бөлігі:

17 жастағы – 3 015, 30 - 39 жасқа дейін -2 576, 21 - 29 жасқа дейін -2 572, 60 және одан жоғары -1 320 жастағы адамдар.

Сондай-ақ кінәлілердің арасында көбінесе:

30 - 39 жас аралығындағылар - 2 509, 21 - 29 жас аралығындағы - 2 262, 60-тан жоғары жастағы – 668.

Жол апаттарының көп бөлігі немесе:

7 380-і елді мекендерде, 1 703-і халықаралық, республикалық маңызы бар трассаларда, 789-ы облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда тіркелген.

Жол апаттарының ең көп саны:

дүйсенбі -1 462, сәрсенбі -1 447, жексенбі - 1 418, сондай-ақ күндізгі уақытта - 6 120, түнде-1 140,

күн батқаннан кейінгі мезгілде -1 493 орын алды.

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуы, сондай-ақ жол қолайсыздығы жағдайларының күшеюі салдарынан апаттар қауіпі артады.

Өткен жылдың осы кезеңінде 4,7 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде құрғақ жолда – 2 971, дымқыл жолда – 601, қарлы – 336, мұзды – 53 жолда жасалған.​

Бұл ретте, жүргізушілердің назарын автокөліктің техникалық жағдайын қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, қысқы шиналармен уақтылы жабдықтану, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолдарда өте мұқият болу, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне аударамыз. 

Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатыны туралы естеріңізге саламыз.

Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген және ол үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қарастырылған. 

Құрметті азаматтар! Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз. Өзіңізге және жақындарыңға қамқор болыңыз!

Еліміздің жолдарындарындағы апаттар туралы ақпаратты «https//gis.kgp.kz» сілтемесі бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының «qamqor.gov.kz» порталының «Апат картасы» бөлімінен көруге болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті