Прокуратура күніне орай футзал бойынша іріктеу кезеңі өтті

Прокуратура күніне орай футзал бойынша іріктеу кезеңі өтті

Ағымдағы жылдың 18-19 қазан аралығында «Aspan» спорт кешенінде Прокуратура күніне орай футзал бойынша Бас Прокурор кубогының іріктеу кезеңі өтті.

Аталған іс-шара Бас прокуратура, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті, Бас әскери және Бас көлік прокуратуралары, сондай-ақ елордалық прокуратура қызметкерлерінен құралған 5 құрама команда арасында өтті.

Ойындардың қорытындысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің командасы 1 орынды иеленіп, финалға шықты.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті