
2023 жылғы 26 қазанда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14763739) «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылдың 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба:
«Құқықтық актілер туралы», «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдары;
«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5, «Сот әкімшілігін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002, 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 318, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2022 жылғы 11 маусымдағы № 917 Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының;
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580, «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 396, «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері» 2023 жылғы 4 қазандағы № 864, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 15, «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті» және «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Өңіраралық ұшу қауіпсіздігі инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 17, «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» 2023 жылғы 4 қазандағы № 863, «Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 865, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 Үкіметінің қаулысының талаптарына сәйкес келтіру шеңберінде әзірленді.
Бұдан басқа, әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы статистикалық есептілікті жетілдіру мақсатында мемлекеттік органдардың тізбесі (жауапкерлер) «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» деген жолмен толықтырылды.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.