
2023 жылғы 12 қазанда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14747932) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 және 32-баптарын, Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 24-бабының 3-тармағын, 34-бабының 3-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.