
Құрметті қолданушы!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық диалог» порталында «Адамдардың жарақаттануына немесе қаза болуына әкеп соққан жол көлік оқиғаларын есепке алу» тақырыбында интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.
Интернет-конференция халықты аталған есеппен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, Сіздерді 2023 жылғы 9 қазан сағат 09:00-ден 13 қазан сағат 17.00-ге дейін интернет-конференцияға қатысуға және өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/3651 сілтемесіне басу қажет.