
Қазақстанда қылмыстың 15-ға төмендеуі байқалуда (113 639 - 96 011), оның ішінде 5%-ға (1 677 - 1 587) аса ауыр қылмыстар, 16%- ға (30 548- 25 426) ауыр қылмыстар, 18%-ға (48 654 - 39 755) ауырлығы орташа қылмыстар, 9%-ға (17 169 - 15 499) онша ауыр емес қылмыстар.
Сондай-ақ 2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұрлық (Қылмыстық кодекстің 188-бабы) 28,2%-ға төмендегені байқалады (өткен жылғы 42 752 іске қарсы 30 713 іс). Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санынан ұрлықтардың үлесі 31,2% -ды құрайды.
Аймақ бойынша ұрлық ең көп: Алматы (қ) - 7154, Астана (қ) - 3541, Алматы -2197, Қарағанды - 2114, Қостанай – 1519, Ақтөбе -1413, облыстарында және 1447-сі Шымкент (қ) орын алған.
Ұялы телефондар ұрлығы 11,3%-ға төмендеді. Еліміз бойынша барлығы 7967 (8984) аталған қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі: Алматы (қ)- 2287, Астана (қ) - 844, Алматы - 576, Қарағанды - 527, Ақтөбе - 424, Абай – 431, облыстарында және Шымкентте – 467 орын алған.
Автокөлік ұрлығы бойынша да төмендеу байқалады, барлығы 197 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, бұл өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға аз.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыстың 3303-тен 2707-ге немесе 18%-ға төмендеу динамикасы байқалады.
Мал ұрлығы фактісі бойынша 960 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, төмендеу 17,7%-ды құрайды. Мал ұрлығы фактілерінің көпшілігі: Алматы -172, Батыс Қазақстан – 124, Түркістан -124, Жетісу - 93, Жамбыл – 68, Абай - 66 облыстарында тіркелген.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті