Қағаз форматында қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде жекелеген процессуалдық шешімдерді электрондық енгізу бойынша экономикалық тергеп-тексеру органдарында пилоттық жобаны іске асыру туралы

Қағаз форматында қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде жекелеген процессуалдық шешімдерді электрондық енгізу бойынша экономикалық тергеп-тексеру органдарында пилоттық жобаны іске асыру туралы

2020 жылдың 24 ақпанынан бастап еліміздің экономикалық тергеп-тексеру органдарында қағаз форматында қылмыстық істерді тергеп-тексеру кезінде жекелеген процессуалдық шешімдерді электрондық енгізу бойынша пилоттық жобасы басталады.

2020 жылдың 18 ақпанында ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен ҚР ҚМ Қаржы мониторингі бойынша комитетінің төрағаларымен осы пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығына қол қойылды.

Аталған жобаның іске асырылуы - қылмыстық процесті цифрландыруға көшудің кезекті кезеңі.

Жоба қылмыстық істерді тергеу барысныда ведомстволық бақылауды күшейтуге, процестік шешімдерді енгізуге тергеушілердің уақытын қысқартуына, құжаттарды дайындау кезінде техникалық қателер, манипуляциялар мен бұрмалаулар болдырмауына, қылмыстық процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.

 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz