2020 жылғы 23 қантарда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2959584&type=2) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары көрсететін мемлекеттік қызмет қағидадын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VI ҚР Заңымен сәйкестендіруге мақсатында әзірленген.
Стандарт жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті