
Құрметті қолданушы!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық диалог» порталында «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының мүмкіндіктері туралы» тақырыбы бойынша интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.
Интернет-конференция халықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталымен таныстыру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, Сіздерді 2023 жылғы 31 тамыз сағат 09:00-ден 5 қыркүйек сағат 17.00-ге дейін интернет-конференцияға қатысуға және өз ұсыныстарыңызды беруге шақырамыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/3561 сілтемесіне басу қажет.