
2023 жылғы 9 тамызда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14662149) «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба Премьер-Министрдің орынбасары-Үкімет аппараты басшысының қарарын (27.07.2023 ж. 17-02/01-92-9//872 12.1-т.) сәйкес келтірілген.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.