
2023 жылғы 31 шілдеде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14650228) «Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы № 1-Е есептің нысанын және оны құрастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 1 қазандағы № 102 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы орналастырылды.
Осы жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын статистикалық сүйемелдеу мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әзірледі.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.