
2023 жылғы 27 шілдеде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14646768) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы орналастырылды.
Осы жоба «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын статистикалық сүйемелдеу мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті әзірледі.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.