
2023 жылғы 21 шілдеде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14639662) «Адамдардың арақаттануларына немесе қаза болуларына әкелген жол көлік оқиғалары туралы» есептің нысанын және оның қалыптасуы жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылдың 16 қарашадағы №131 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 29 маусымдағы Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.
Атап айтқанда, есеп қалыптастырылатын ақпараттық есепке алу құжаттары «электр самокаты, шағын электр көлігі құралы» деректемелерімен толықтырылды
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.