Ұйымдық-штаттық өзгерістер туралы

Ұйымдық-штаттық өзгерістер туралы

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 23 мамырдағы №227 Жарлығымен Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Комитет) туралы Ережеге өзгерістер енгізілді.

Бас прокуратура Комитетінің аумақтық органдарының атауы Басқармадан Департаментке өзгертілді.

Бас Прокурордың 2023 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Комитеттің жаңа құрылымы бекітіліп, бірқатар тағайындаулар болды.

Бас Прокурордың келісімі бойынша Комитет төрағасының 2023 жылғы 5 шілдедегі №504 ж/қ бұйрығымен Комитеттің Астана қаласы бойынша департаменті бастығы лауазымына әділет кеңесшісі Нұрлан Бақытжанұлы Нұрсейітов тағайындалды.

Нұрлан Нұрсейітов қызметін 2002 жылы Қостанай облысы прокуратурасының бас маманы лауазымынан бастаған. Қостанай облысы Рудный қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, осы облыстың прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры болып жұмыс атқарды. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде басшылық қызметтерді болды. Тағайындалғанға дейін Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығы болған.

Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Арап Абай Сейдірұлы тағайындалды.

Абай Арап еңбек жолын 1997 жылы Петропавл қаласы Ішкі істер басқармасының анықтаушысы қызметінен бастады. Астана қаласы Ішкі істер департаментінде тергеуші, аға тергеуші, сондай-ақ әртүрлі басшылық лауазымдарда қызметін атқарды. Одан кейін 2009 жылы прокуратура органдарында қызметін жалғастырды. Астана қаласы прокуратурасының Аппаратында қызмет атқарды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Алматы облысы және Алматы қаласы Әділет департаменттерінің басшысы болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасын басқарды.

Комитеттің Шымкент қаласы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Өркен Құрбанбайұлы Сейітов тағайындалды.

Өркен Сейітов еңбек жолын 1996 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Кейін қызметін прокуратура органдарында Ақмола облысы Табиғатты қорғау прокуратурасы прокурорының аға көмекшісі болып жалғастырды. Ақмола облысының прокуратурасында және Бас прокуратураның орталық аппаратында қызмет атқарды. Ақмола облысы Егіндікөл ауданы прокурорының орынбасары, Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасы бастығының лауазымында болды.

Комитеттің Абай облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Назигүл Сматова тағайындалды.

Назигүл Сматова еңбек жолын ішкі істер органдарында 1993 жылы бастаған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді. Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, аға прокурор, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Абай облысы бойынша басқармасының бастығы болған.

Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті бастығы болып әділет кеңесшісі Ақыл Қуанышұлы Қарпықбаев тағайындалды.

Ақыл Карпықбаев еңбек жолын 2006 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бөлімінің бас маманы қызметінен бастады. Бас прокуратураның орталық аппаратында, Комитет және оның аумақтық органдарында  бірқатар лауазымдарда болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасын басқарды.

Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Серік Әбденұлы Әбденов тағайындалды.

Серік Әбденов еңбек жолын 1992 жылы Ақтөбе қаласы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Одан кейін Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуроры, облыс прокуратурасы басқармасының бастығы, Ақтөбе қаласы және осы облыс прокуратурасының прокуроры, Ақтөбе және Қостанай облыстары прокурорының орынбасары лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығы болды.

Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Ақмарал Бекесқызы Қдырова тағайындалды.

Ақмарал Қдырова прокуратура органдарында қызметін 2000 жылдан бастап Алматы қаласы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығының маманы болып бастады. Комитеттің Алматы қаласы бойынша басқармасының прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығының лауазымында болды.

Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Ғалымжан Сайділлаұлы Құсан тағайындалды.

Ғалымжан Құсан еңбек жолын 2000 жылы Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары Астана қаласының прокуратурасында, Теміртауда, Қарағанды облысының прокуратурасында, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінде, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында, Комитеттің орталық аппараты мен оның аумақтық органдарында жұмыс жасады. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Дәурен Тоқтарбайұлы Ержанов тағайындалды.

Дәурен Ержанов еңбек жолын 1997 жылы Ақмола облысы прокуратурасы бөлімінің прокуроры болып бастаған. Астана қаласы прокуратурасында, Бас прокуратура орталық аппаратында, Бас көлік прокуратурасында жауапты және басшылық лауазымдарын атқарды. Сондай-ақ Ақмола облысы Шортанды, Зеренді және Атбасар аудандарының прокуроры болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығы лауазымында болды.

Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Секер Қасымбайұлы Бүркітбаев тағайындалды.

Секер Бүркітбаев еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары облыс прокуратурасының бөлім және басқарма прокуроры, Тараз қаласы прокурорының көмекшісі қызметтерін атқарған. Жамбыл облысының прокуратурасында басшылық қызметтерді атқарды, Жамбыл облысы Шу ауданаралық прокуроры, осы облыстың Жуалы ауданының прокуроры болды. Бас прокуратура департаментінің прокуроры, аға прокуроры лауазымында жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасын басқарды.

Комитеттің Жетісу облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Айдын Болатұлы Төребеков тағайындалды.

Айдын Төребеков прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Қостанай және Алматы облыстарының прокуратураларында әр түрлі жауапты қызметтер атқарды. Алматы облысы Қаратал, Панфилов және Кербұлақ аудандарының прокуроры болған. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша басқармасы бастығы қызметін атқарды.

Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Бақыт Шермаханбетұлы Нұрманов тағайындалды.

Бақыт Нұрманов прокуратура органдарындағы қызметін 1997 жылы Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласы прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында прокурор, аға прокурор болып жұмыс істеді. Кейін Комитеттің орталық аппаратында және оның аумақтық органдарында қызмет атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Аймақтық көліктік басқармасын басқарды.

Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Жұлдыз Оңайбекқызы Буламбекова тағайындалды.

Жұлдыз Буламбекова еңбек жолын 2000 жылы Бас әскери прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында бастады. Әр жылдары құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарында прокурор, аға прокурор, Комитеттің аумақтық басқармалары бөлімінің бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. Комитеттің Әскери басқармасы, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстары бойынша басқармалары бастығының орынбасары, Комитеттің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығы қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығы болды.

Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті бастығы болып 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Марат Жолмағамбетұлы Қайыбжанов тағайындалды.

Марат Қайыбжанов прокуратура органдарындағы қызметін 1995 жылы Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастады. Кейіннен Қостанай қаласы прокурорының орынбасары, Қостанай, Меңдіқара аудандарының, Лисаков қаласының прокуроры лауазымдарын атқарды. Бас прокуратурада басшылық лауазымдарда қызмет етті, сондай-ақ Қостанай және Ақтөбе облыстарының прокуроры болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қостанай облысы бойынша басқармасы бастығы лауазымын атқарды.

Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығы болып әділет кеңесшісі Асхат Дулатұлы Әбілдаев тағайындалды.

Асхат Әбілдаев прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының бас маманынан бастады. Әр жылдары Комитет және оның аумақтық органдарында басшылық қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасын басқарды.

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Асан Хасанұлы Абдуллаев тағайындалды.

Асан Абдуллаев еңбек жолын 1998 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары түрлі жауапты басшылық лауазымдарда, оның ішінде Түпқараған ауданының прокуроры, Маңғыстау облысы прокуратурасы Аппаратының басшысы қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Маңғыстау облысы бойынша басқармасы бастығы болды.

Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Ержан Ерғанатұлы Дүйсекенов тағайындалды.

Ержан Дүйсекенов прокуратура органдарындағы қызметін 2001 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласы прокурорының көмекшісі болып бастады. Павлодар облысының прокуратурасында жауапты лауазымдарды атқарды, осы облыс прокурорының аға көмекшісі, Екібастұз қаласы прокурорының орынбасары болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бастығы лауазымында болды.

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Шоқан Жанатұлы Құлданов тағайындалды.

Шоқан Құлданов қызметін 2001 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарды атқарды, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, осы облыс прокуратурасы Аппаратының басшысы, Жамбыл және Есіл аудандарының прокуроры, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары прокурорларының аға көмекшісі болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Комитеттің Түркістан облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Асқар Октябревич Сапарғалиев тағайындалды.

Асқар Сапарғалиев өзінің еңбек жолын 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Еңбекші ауданы прокуратурасы тергеушісінің көмекшісі қызметінен бастады. Бас прокуратура мен Комитеттің орталық аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Комитеттің Батыс көлік өңірі, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша басқармалардың бастығы қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының бастығы болды.

Комитеттің Ұлытау облысы бойынша департаменті бастығы болып аға әділет кеңесшісі Сәкен Олжабайұлы Ыдырыс тағайындалды.

Сәкен Ыдырыс еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары Павлодар облысының прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат орталығында, осы облыстың Орталық өңірлік көліктік прокуратурасында, Байқоңыр, Қызылорда, Ақсу және Астана қалаларының прокуратураларында жұмыс істеді. Ақмола облысы прокуратурасының басқарма бастығы лауазымын атқарды.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметінде және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс жасады. 2017 жылдан бастап Комитеттің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша басқармасы бастығы болды.

Комитеттің әскери департаментібастығы болып аға әділет кеңесшісі Нұрлан Стаханұлы Ахметбаев тағайындалды.

Нұрлан Ахметбаев прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы Ақмола облысы Жақсы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастады. Степногорск қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары, сондай-ақ Ақмола облысы прокуратурасы басқармасының, Орталық өңірлік көліктік прокуратурасының прокуроры, аға прокуроры болып жұмыс істеді. Одан кейін қызметін Бас прокуратура департаментінде прокурор және аға прокурор лауазымдарында жалғастырды. Астана қаласының Авиациялық көлік прокуроры, Комитеттің Атырау облысы бойынша басқармасы бастығы болды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери басқармасын басқарды.

Комитеттің көліктегі департаменті бастығы болып әділет кеңесшісі Ербол Серсенбекұлы Құлбаев тағайындалды.

Ербол Құлбаев прокуратура органдарында 2009 жылдан бастап қызмет атқаруда. Алматы облысы Қарасай,  Іле ауданы, Алматы қаласы Бостандық және Түрксіб ауданы прокуратураларында басшылық қызметтерін атқарды. Тағайындалғанға дейін Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқарма бастығының орынбасары болды.

 

 Комитет по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан