Бас прокуратура Комитетінің делегациясы өңірлік форумға қатысты

Бас прокуратура Комитетінің делегациясы  өңірлік форумға қатысты

А.ж. 30 маусымда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті  өкілдерінің қатысуымен «Қылмыстық сот төрелігін цифрландыру» атты өңірлік форум өтті.

Форум жұмысына Өзбекстан Бас прокуратурасының, Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылардың назарына қырғыз әріптестері Қырғыз Республикасы тәжірибесінің көрсетілімін өткізді, атап айтқанда «Қылмыстардың бірыңғай тізілімі», «Құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі», «Төлем» құқықтық порталы, «Кәсіпкерлік субъектілердің тексерулерін тіркеу» автоматтандырылған ақпараттық жүйелерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Комитетінің өкілдері «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), «Әкімшілік іс жүргізулердің  бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ), «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілім» (ТСОБТ), «Зандылық», «Электрондық қылмыстық іс» және басқа да ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондай-ақ Өзбекстаннан келген әріптестер қылмыстық сот төрелігін цифрландыру саласындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Форумға қатысушылар көрсетілімнен кейін цифрландырудың жалпы талаптары мен цифрлық трендтері бойынша панельдік талқылау жүргізді.

Л.Больцман атындағы институттың халықаралық әріптестерінің, ЕҚЫҰ-ның Бішкек қаласындағы бағдарламалық кеңсесі және БҰҰ-ның  Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен цифрлық прокурорлардың осындай IT-форумдарын жыл сайынғы негізде өткізу туралы келісті.

Форум қорытындысы бойынша тараптар орын алған диалогқа қанағаттанушылықтарын танытып, келешектегі бірлескен қадамдарды белгіледі.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті