«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 23 маусымда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14617740) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.

Осы бұйрық «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» ҚР Заңының 12-бабы 3-тармағының 14) тармақшасын (атқарушылық құжаттар бойынша міндеттемелерін орындамаған адамдарды, сондай-ақ әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыны ерікті түрде орындамаған адамдарды) іске асыру шеңберінде әзірленді

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының 36-бабына сәйкес Әділет министрлігі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде Борышкерлердің бірыңғай тізілімін жүргізеді (сот орындаушылары атқарушылық іс жүргізуді көтергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мәліметтерді енгізеді).

 «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 27-бабының 8-тармағын (басқа нормативтік құқықтық актілердің құқық нормаларын қайталайтын және жаңа құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілер.) басшылыққа ала отырып, бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.

Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.