
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Әділет министрлігі, «АЛСЕКО» IT-компаниясының өкілдерімен, сондай-ақ жеке сот орындаушылардың қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында сот орындаушыларының қызметіндегі кейбір процестерді роботтандыру, сондай-ақ Комитеттің ашық деректерін пайдалану мүмкіндіктері туралы мәселелер талқыланды.
Осы тұрғыда Әділет министрлігі әкімшілік айыппұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулылар шығару, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету процестерін роботтандыруды ұсынды.
Жалпы кездесу конструктивті режимде өтті, қатысушылар алдағы уақытта ақпараттық салада өзара іс-қимылға қатысты пікірімен алмасты.
Өз кезегінде, Комитет енгізілетін жаңалықтардың құқықтық реттелуі аясында деректерді ұсынуға дайын екенін білдірді.
Бас прокуратура Комитетінің ашық деректері автоматты режимде https://data.egov.kz электрондық үкімет порталында, https://qamqor.gov.kz ведомстволық порталда орналастырылады, сондай-ақ «Smart Bridge» сервисінде ақпараттық жүйелері орналастырылған.
![]()

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті