
2023 жылғы 12 маусымда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14605038) «Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдарды есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба 2022 жылғы 5 қарашадағы № 157-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді, онымен «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, жобада мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасаған адамдардың арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібі өзектендірілді және нақтыланды.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.