
Құрметті қолданушы!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық диалог» порталында «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі туралы интернет-сауалнама өтетінін хабарлайды.
Сауалнама пайдаланушылардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы туралы пікірін анықтау мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірушілерді 2023 жылдың 22 мамыр мен 21 маусым аралығында өтетін сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сауалнамаға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=3984 сілтеме арқылы өту қажет.