
2023 жылғы 16 мамырда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14562848) «Прокуратура органдары жүзеге асыратын міндеттерді атқару үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 101 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасын (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба 2022 жылғы 5 қарашадағы № 157-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді, онымен «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңның 12-бабы 3-тармағына өзгерістер енгізілді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.