
Бүгін дәстүр бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Ұлы Жеңісті, Отан қорғаушылар күнін және Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Ұлы Отан соғысына қатысушыларға құрмет көрсете отырып, Комитет төрағасы 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сәбит Нұрлыбай Бас прокуратураның басшылығы мен құрметті ардагерлермен бірге Ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Одан кейін Комитеттің орталық аппаратының, аумақтық органдарының жеке құрамы мен ардагерлердің қатысуымен салтанатты жиналыс өткізілді, онда Комитет Төрағасы мерекелердің тарихи маңыздылығын атап өтіп, құттықтау және алғыс сөздерін білдірді.
Жеңіс күні - бұл «Көз жасымен қарсы алатын мереке» деп аталатын ұлы, жалпыхалықтық күн. Соғыста бір жарым миллионнан астам қазақстандық иыққа соғысып, олардың 500-ге жуығы Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.
Мемлекет басшысы атап өткендей, «Әрбір азаматтың міндеті – мемлекеттілігіміздің сенімді іргетасын сақтау... Қазақстан - бейбіт мемлекет. Біз барлық шет елдермен достық қарым-қатынасты қолдаймыз».
Біздің қазақ жеріміз түрлі этнос өкілдерінің туған мекеніне айналды. Бірлік пен келісімнің арқасында теңдік пен әділеттілік қағидаттарына негізделген үйлесімді қоғам дамып келеді.
Айтулы күндерді мерекелеу құрметіне Бас Прокурор мен Комитет Төрағасының бұйрықтарымен Комитет прокурорларының заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы жұмысының оң нәтижелері атап өтілді, бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды, сондай-ақ мерзімінен бұрын сыныптық шендер берілді.
Іс-шараға ұжым ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
press@kgp.kz