
А.ж. 2-3 мамыр аралығында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне орай спорттық іс-шаралар өтті.
Жарыстар волейбол, қол күресі, қоссырықта (брусьяда) серпілу жаттығуы және арқан тарту бойынша өткізілді. Оған Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталық аппараты мен аумақтық басқармаларының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша волейболдан Комитеттің Аймақтық көліктік басқармасының командасы чемпион атанды, екінші орынды Комитеттің орталық аппаратының командасы және үшінші орынды Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасының командасы жеңіп алды.
Қол күресі турнирінде орталық аппараттың қызметкерлері жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Дінмұхамбет Тазабек, екінші орынды Мейрлан Керімбек және үшінші орынды Әлім Керейбаев иеленді.
Қоссырықта серпілу жаттығуы жарысында үшінші орынды Астана қаласы бойынша басқарма қызметкері Қуаныш Берікбаев, екінші орынды Комитет қызметкері Елжан Нұрлан және бірінші орынды Аймақтық көліктік басқармасының өкілі Нұрбол Бекжасарұлы алды.
Арқан тарту қорытындысы бойынша үшінші орын Аймақтық көліктік басқармасының командасына берілді, екінші болып Әскери басқарманың командасы атанды және көшбасшылық үшін күресте Комитеттің орталық аппаратының командасы жеңіске жетті.
Атаулы күндер аясында өтетін спорттық іс-шаралар жақсы дәстүрге айналғанын атап өткен жөн. Оның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және қызметкерлерді спортпен шұғылдануға тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
press@kgp.kz