
2023 жылғы 24 сәуірде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14515706) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында прокурорлық қадағалауды және бақылауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы орналастырылды.
Осы жоба «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағын (Жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады) іске асыру шеңберінде әзірленді.
Бұйрық жобасының жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.