
Құрметті қолданушы!
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Ашық диалог» порталында «Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу тәртібі мен тәсілдері» тақырыбы бойынша интернет-конференция өткізілетінін хабарлайды.
Интернет-конференция пайдаланушылардың «Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасы туралы пікірін анықтау, сондай-ақ оны алу тәртібі мен тәсілдерін түсіндіру мақсатында өткізіледі.
Осыған байланысты, барлық ниет білдірушілерді 2023 жылғы 24 сәуір сағат 09:00-ден 26 сәуір сағат 17.00-ге дейінгі аралықта өтетін интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференцияға қатысу үшін https://dialog.egov.kz/conference/3209 сілтеме арқылы өту қажет.