
2023 жылғы 3 сәуірде НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14473393) «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді (бұдан әрі – Заң).
Осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке қою үшін негіздер «Қазақстан Республиканың мемлекеттік қызметі туралы» заңның 59-бабы 3), 4), 5), 6), 7), 11), 12), 13), 14) және 15-1 тармақшалармен толықтырылады.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.