Презентация өткізу туралы

Презентация өткізу туралы

Республика бойынша Бас прокуратураның ақпараттық жүйелерін танымал ету мақсатында оқу орындарында цифрлық жобалардың көрсетілімдері өткізілуде.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы Павлодар қаласының колледждерінде бірінші болып іс-шаралар өткізді.

Студенттерге «Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімі» (СДТБТ), «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ), «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ), «е-otinish» ақпараттық жүйелері көрсетілді.

Қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулерді тағайындау, өтініштермен жұмыс жасау процесі, сондай-ақ олардың мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы айтылды.

Бүгінгі таңда қылмыстық істердің 90% - дан астамы электрондық форматта тергелуде. ӘІБТ-ны пайдалана отырып, электрондық форматта 8 млн аса немесе әкімшілік хаттамалар мен нұсқамалардың 88% - ы жасалды.

Азаматтар Комитет жүйелерін пайдалана отырып, мемлекеттік органдарға онлайн шағым беріп, әкімшілік айыппұлдарды төлей алады, ал бизнес заңсыз тексерулер туралы хабарлай алады.

Дипломдық және диссертациялық жұмыстарды дайындау кезінде студенттер арасында сұранысқа ие статистикалық есептер мен талдамалық деректерді автоматты түрде қалыптастырылатын құралдар әзірленді және ол үшін «Qamqor.gov.kz» жария портал жұмыс істейді.

Студенттердің арасында қылмыстық құқық бұзушылықтар мен апаттық геокарталары ерекше қызығушылық тудырды, карталар онлайн режимде облыс аумағында да, одан тыс жерлерде де криминогендік және апаттардың орын алған жерлерін көруге, сондай-ақ оларды бағалауға мүмкіндік береді.

Комитеттің аумақтық органдары осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

press@kgp.kz