«Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №39 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасына түсіндірме жобасына баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 6 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алу ісін жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі №39  бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.

Осы жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 3 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді (бұдан әрі - Заң).

Сонымен, Заңға сәйкес Комитет 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылған, сол сияқты өкілеттіктері тоқтатылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың» арнайы есебін жүргізеді («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 12 бабы 3 тармағы 12-тармақшасы).

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.