«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2022 жылы 27 шілдеде нормативті құқықтық актілер интернет – порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14167310) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі –жоба) орналастырылды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Премьер-Министрдің 27 тамыздағы № 128-ө өкімінің 83-тармағын орындау және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 25-ө өкіміне өзгерістер енгізу (бұдан әрі – Заң).

Атап айтқанда, Заңмен «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 17-бабының 4-тармағына өзгерістер енгізілді (Мемлекеттік ақпараттық жүйелер арасында өзара іс-қимыл болмаған жағдайда адамның әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларға қатыстықылмыстық құқық бұзушылықтың болуы не болмауы турал мәліметтер құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі).

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.