
2023 жылғы 26 қаңтарда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14393776)«Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтарындағы бұйрығына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.
Осы жоба келесі құқықтық актілерді іске асыру шеңберінде әзірледі:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 79 Жарлығы (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты болып қайта құрылды);
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 80 Жарлығы және Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 8 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын (Қазақстан Республикасының Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі болып қайта ұйымдастырылсын);
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 2022 жылғы 5 қарашадағы (Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құқықтық мирасқоры болып табылады).
Жоғарыда аталған құқықтық актілердің негізінде жобадағы жекелеген мемлекеттік органдардың атаулары сәйкестендірілді.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.