
2022 жылғы 5 қазанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14251908 «Анықтаудан, тергеуден, соттан жасырынған адамдарды, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылауды жүзеге асырудан жалтарған, хабарсыз кеткен, туыстарымен байланысын жоғалтқан, өзі туралы анықтамалық деректерді хабарлауға қабілеті жоқ адамдарды, жеке басы анықталмаған мәйiттердi және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер, мемлекет мүддесіне орай, сондай-ақ алименттер өндіріп алу, мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша жауапкерлер болып табылатын іздестірудегі адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу оны пайдалану, және сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы __ қазандағы Заңы шеңберінде әзірледі.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.