Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы

Республика күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар туралы

«Республика күні» Ұлттық мерекесі қарсаңында Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен спорттық іс-шаралар өткізілді.

А.ж. 13-18 қазан аралығында баскетбол және шахмат бойынша өткен турнирлерге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің орталық аппараты мен аумақтық басқармаларының командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша баскетболдан Аймақтық көліктік басқармасының командасы чемпион атанды, екінші орынды Комитеттің орталық аппаратының командасы және үшінші орынды Комитеттің Астана қаласы бойынша басқармасының командасы жеңіп алды.

Шахмат турнирінде Комитеттің Ақмола облысы бойынша  басқармасының қызметкері Ілияс Нөгербеков үздік атанды, екінші және үшінші орынды Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлері Ершат Айбеков пен Бауыржан Мұқатов өзара бөлісті.

Сондай-ақ мотивациялық жарыстар аясында қызметкерлер мен жұмыскерлердің балалары арасында өлең оқу конкурсы өткізілді. Жас дарынды балалар Отан мен еліміздің Тәуелсіздігі туралы атақты қазақстандық авторлардың өлеңдерін және өз шығармаларын оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша ерекшеленген балалар 1,2,3 орындар және гран-при жүлделерімен марапатталып, барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар жолданды.

Осындай көпшілік іс-шараларды өткізу мерекелік атмосфераны қалыптастырады және әрбір адамға мемлекеттің жетістіктеріне қатыстылығын сезіндіріп, патриотизм мен мақтаныш тудырады.

  

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу  жөніндегі комитеті