Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру туралы

Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдіру туралы

А.ж. 8 қыркүйекте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары А.К. Қарпықбаевтың төрағалығымен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру және  автоматтандыру мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді.

Кеңеске елорданың барлық бақылаушы органдарының басшылары мен жауапты орындаушылары қатысты.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласындағы «таза парақтан реттеу» туралы реформасының негізгі бағыттары, сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Кәсіпкерлік кодекстің новеллалары талқыланды.

Өзгерістерге сәйкес жаңа жылдан бастап ерекше тәртіп бойынша тексерулер алынып, бақылаудың жаңа нысандары енгізілетін болады. Олар: «профилактикалық бақылау», «біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікті тексеру», «тергеп-тексерулер».

Кездесу қатысушыларына заңнама нормалары түсіндірілді, оларға сәйкес тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі болмаған жағдайда мемлекеттік органдар бақылаудағы субъектілердің жалпы санының 5% - ын ғана тексерулермен қамти алады.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың өкілдері енгізілетін түзетулерге қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдеріне «Тексерулер субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі функционалының мүмкіндіктері көрсетілді.

Кеңес қорытындысы бойынша, қойылған міндеттерді іске асыруда оң нәтижеге қол жеткізу үшін мемлекеттік органдарға жұмысты жандандыру, оның ішінде бизнестің бақылауындағы субъектілер тізілімін қалыптастыру қажеттілігі туралы бірқатар ұсынымдар берілді.​