
2022 жылғы 12 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14229952) «Есірткі құралдарының, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және заттай дәлелдемелерге, қылмыстық істер бойынша тәркіленген мүлікке байланысты құқық бұзушылықтар туралы» есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы __ қазандағы № __ Конституциялық Заңы шеңберінде Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi әзірледі.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.