
2022 жылғы 9 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14228794) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті архивтік жұмыс бөлімшелерінің тоқтатылған қылмыстық істерді қабылдау, беру, сақтау және жою жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі - жоба) орналастырылды.
Осы жоба «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы __ қазандағы № __ Конституциялық Заңы шеңберінде Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi әзірледі.
Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.