Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жобасына баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жобасына   баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасымен «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Мысалы, Заңның ұғымдық аппараты, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құзыреті, арнайы есепке алу түрлері өзектендіріледі және толықтырылады, сондай-ақ өзге органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен ақпарат алу тәртібі мен негіздері айқындалады.     

 Жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес келтіру мақсатында «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетін құру туралы «2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы) әзірленді.

Жарлық жобасын іске асыру мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын және мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін ұлғайтуды талап етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

2022 жылғы 25 тамызда нормативтік құқықтық  актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14196994) Жарлық жобасын жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.