А.ж. 20 мамырда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшысымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында құқық қорғау үдерістерін цифрландыру, қылмыстық істерді электрондық форматқа көшіру, қылмыстық қудалау жүйесін жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне баса назар аударылды.
Қатысушылар ішкі істер органдарының бөлімшелері үшін жоғары білікті мамандар даярлау кезінде күш-жігер мен ресурстарды біріктіруде тараптардың өзара жәрдемдесу қажеттілігін атап өтті.
Бірлескен ғылыми іс-шаралар мен зерттеулер жүргізу мүмкіндігі талқыланды.
Кездесу соңында тараптар достық байланыстар мен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті