
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы «EgovKzBot» Telegram-боттың көмегімен алуға болады.
Ол үшін бар болғаны «Азаматтардың ұялы базасында» тіркелу қажет. Сондай-ақ өз контактілеріңізді eGov.kz.порталындағы Жеке кабинетке бекітуіңіз шарт.
Бұдан әрі Telegram мессенджерін көшіріп, іздеу жолына «EgovKzBot»-ты енгізіп, авторизациядан өте аласыз. «Қызметтер» бағанында «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» сервисін таңдау арқылы азаматқа растау кодымен SMS-хабарлама келеді, аталған код енгізілгеннен кейін, сұратылған ақпарат ұсынылатын болады.
Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы азаматтар www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және қозғалмалы желінің абоненттік құрылғысы (mGov ұялы қосымшасы) арқылы ала алатынын еске саламыз.
ҚР БП ҚСжАЕК-нің баспасөз қызметі