Өзбекстан Бас прокуратурасының Академиясы өкілдерімен кездесу

Өзбекстан Бас прокуратурасының  Академиясы өкілдерімен кездесу

А.ж. 14 сәуірде Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының Академиясы (ӨР БПА) өкілдерінің Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің алаңында ӨР БПА-ның оқытушылары және білім алушыларымен кездесу өтті.

Сапардың мақсаты құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру бойынша қазақстандық модельдің тәжірибесін зерделеумен байланысты болды.

Кездесу кезінде өзбек тарапы қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштерді тіркеу жүйелерінің жұмысымен танысты.

Осы тұрғыда қатысушылар IT–технологияларды қолдана отырып, прокурорлық қадағалауға қатысты ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

ӨР БПА-ның өкілдері цифрландыру саласында алған білім қазақстандық тәжірибе үлгісінде ғылыми-білім беру саласында ұқсас жүйелерді енгізуге және оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Өз кезегінде ӨР БПА өкілдері Комитетке жылы кездесу және ауқымды көрсетілім үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті