«Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 28 сәурде нормативті құқықтық актілердің ашық деректер интернет – порталына «Қылмыстық жауаптылыққа тартылған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін және оны жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 12 тамыздағы № 81 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8389440) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жобасы) орналастырылды.

Осы жоба қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын шетелде өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары туралы деректер банкін жүргізуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жобаны іске асыру мемлекеттік кірісті қысқарту немесе мемлекеттік шығысты арттыруды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығынды және мемлекеттік органдардың  штат саны лимиттерінің өсуін талап етпейді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарына әкелмейді.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.