«Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы № 1-ЭТ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 23 сәуірде нормативті құқықтық актілердің ашық деректер интернет – порталына «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы
№ 1-ЭТ есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8290624) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (бұдан әрі – жобасы) орналастырылды.

Жоба  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

Сонымен қатар, жобамен «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есептің нысанын және оны жасау, экстремизмге және терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдар және сот экстремистік, террористік деп таныған ұйымдар туралы деректер банкін қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 9 қазандағы № 113 бұйрығының күшін жою көзделеді.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.